«ҚАЙНАР» КОЛЛЕДЖІ

2015 жылғы 26 мамырдағы № 92LAA00004947 лицензия Алматы қ.

Құрметті оқырмандар, Қайнар Академиясы колледжінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Бүгін сіз өз болашағыңызды таңдайсыз - бұл өте маңызды қадам, табысты мансап жақсы білімнен басталады, бүгінгі мамандықты дұрыс таңдау – ертеңгі сіздің сенімді болашағыңыз!

Бізге оқуға келгендерге  жақсы білім беру өте маңызды, колледж қабырғасында берілетін теориялық және тәжірибелік білім, өмірде сенімді қадам басуға және кәсіби жетістіктерге  жетуге көмектеседі.

Бүгінгі таңда біз үнемі өзгеріп отыратын экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты тиімді жұмыс істей алатын білікті, білімді, шығармашылықпен ойлай алатын мамандарды даярлауға тырысамыз.

Колледжде жоғары білікті мамандарды даярлау үшін барлық жағдайлар жасалған. Әрине, білім беру сапасы бірінші кезекте профессор-оқытушылар құрамының біліктілігіне байланысты. Менің ойымша, біздің студенттер өте бақытты: талантты оқытушылар мен шеберлердің басшылығымен олар нағыз кәсіпқойлық мектебінен өтеді.

Түлектеріміздің табысының кепілі – мықты оқытушылар ұжымы.

Бүгінгі таңда оқу орнының беделі мен колледждің мақтан тұтатын жетістіктері – бұл оқытушылардың теориялық және практикалық білімдері ғана емес, сонымен қатар өзінің жұмысына деген шығармашылық көзқарасының нәтижесі. Заманауи маманды даярлау үшін оқу процесіне инновациялық жаңа ақпараттық технологияларды енгізу өте маңызды.

Студенттердің иелігінде оқу кабинеттері, зертханалар, спорт кешені, ақпараттық-кітапханалық орталық және акт залы, сондай-ақ абаттандырылған жатақхана мен асхана, дербес компьютерлер, мультимедиялық қондырғылар, бейнестудиялар, интерактивті тақталар және т. б. қамтитын қазіргі заманғы материалдық-техникалық база толығымен бар…

Сапалы білім беру, инновациялық әдістерді табысты қолдану, мейірімді атмосфера, қызықты студенттік өмір, қаладағы ең үздік алдығы қатарлы оқу орны – бұл Қайнар колледжі. Мұнда білім мен шығармашылықтың басында тұрған ерекше әлем бар!

Егер сіз өзіңіздің болашағыңыз туралы ойласаңыз кәсіби жолыңызды дұрыс жоспарлаңыз, сүйікті ісіңізге айналатын, материалдық әл-ауқат пен болашаққа сенімділік әкелетін мамандықты таңдаңыз.

Егер сіз кәсіби маман болам десеңіз, өзіңіздің барлық қабілеттеріңізді ашып, жарқын тұлғаға ие болғыңыз келсе, онда Қайнар колледжі сізді күтеді.

Біздің колледжде білім алу, сіздің болашаққа деген бастамаңыз болсын!

 

Құрметпен, Тұрсынбаева Жанар Тұраққызы

СҰРАҚ ҚОЮ

Приемная комиссия