«QAINAR» КОЛЛЕДЖІ

2015 жылғы 26 мамырдағы № 92LAA00004947 лицензия Алматы қ.

Біліктілігі: 4S04110102 – «Бухгалтер» 

Нарықтық экономика мен басқаруды жетілдіру жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы артып келеді. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, нарықтық экономиканы басқару және қалыптастыру үшін, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін дайындау, негіздеу және қабылдау үшін қажетті сапалы және уақтылы ақпаратты қалыптастыру; субъектінің нарықтағы тәртібін анықтау және бәсекелес субъектілерді анықтау және т.б..

Бухгалтерлік есеп – экономикалық мамандықтар жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі және оны өз мамандығы ретінде таңдағандар үшін ең маңыздысы. Бухгалтер кез келген шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде жетекші орындардың бірін алады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша барлық шаруашылық қызмет сипатталады, оның кірісі немесе шығыны есептеледі, қаржылық жағдайы белгілі болады. Бухгалтерлік есеп субъектінің мүлкінің сақталуын бақылауға және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.

Қазіргі танда бухгалтер бухгалтерлік есеп саласында терең кәсіби білімі болуы керек, экономикалық талдау және аудит дағдыларын меңгеріп, сонымен қатар өндірістік процестерді басқаруы керек. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқығын және заңнамасын ескере отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдауы, ұйымның алдағы уақыттағы қызметін жоспарлауы тиіс.


 

Бухгалтер келесі аспектілерді түсініп, зерделеу керек:

бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жүйесі;

бухгалтерлік есеп терминологиясы;

бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемесінің негізгі принциптері;

бухгалтерлік есеп стандарттары мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның әдістемесі;

қаржылық есептілікті пайдаланушыларды мекеменің шаруашылық қызметі туралы толық сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібі;

шаруашылық жүргізуші субъектінің шаруашылық қызметі барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратты беру;

шаруашылықты басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің рөлі;

бухгалтерлік есептің бақылау-ақпараттық рөлі.


 

«Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының түлектері еңбек нарығында тұрақты сұранысқа ие, олардың кәсіби, мансаптық өсу үшін жақсы келешегі бар. Бұл мамандықтың түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері өте кең: олар бухгалтер, есепші-кассир, жоспарлау-экономикалық бөлімде маман, аудит бөлімінде маман болып жұмыс істей алады.


 

Оқу мерзімі:

Жалпы орта білім базасында – 1 жыл 10 ай;

Негізгі орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай.

Приемная комиссия