Оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің кітап қоры бір студентке есептегенде 25-30 данадан асады.
Оқу жоспары пәндерінің әрбір блогының тиісті оқулықтармен, оқу құралдарымен, ғылыми, анықтамалық және басқа да әдебиеттермен қамтамасыз етілуі мынадай көрсеткіштерден құралады: 2022-2023 оқу жылына арналған кітапханалардың жалпы қоры оқу-әдістемелік, ғылыми, көркем әдебиеттің және мерзімді басылымдардың 27626 баспа бірлігін құрады.
Негізгі оқу әдебиеттерінің саны мамандықтың әрбір бейіні бойынша 19553 дананы құрайды, сондай-ақ қосымша әдебиеттер (ресми, анықтамалық - библиографиялық және мерзімді басылымдар) - 4352 және электрондық жеткізгіштерде 2731. Кітапхананың қарамағында оқу залы, мерзімді басылымдардың оқу залы, ғылыми-ақпараттық зал және кітап қоймасы бар. Кітапхана қорында анықтамалық-библиографиялық басылымдар (энциклопедиялық сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер), кодекстердің ресми басылымдары бар.
Кітапхана меңгерушісі: Алтыбаева Лиза Абдуллаевна