Біліктілігі: - 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы
Оқыту бағыты: «Бағдарламалық қамтамасыз ету» – адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және пайдаланумен байланысты ақпараттық технологиялар мәселелерімен айналысады. Бұл - ең алдымен жоғары технологиялар саласы. Ақпараттық технологияларды білу - біздің заманымыздың нормасы деп айтуға болады.
Осы бағыт аясында кәсіби бағдарламашылар – жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жасақтама әзірлеушілері дайындалады.
Бұл мамандықтың түлектеріне сұраныс өте жоғары – көп жылдар бойы осы саладағы мамандарға сұраныс ұсыныстан асып түседі. Түлектер жетекші IT компанияларында жұмыс атқарады.
Есептеу техника мамандарының кәсіби қызметінің объектілері:
• Кәсіби бағытталған автоматтандырылған жүйелер мен ақпараттық технологиялар;
• Ақпараттық процестер мен ақпараттық ағындар;
Қызмет саласы:
• мәліметтер базасы мен іздеу жүйелерін құру және жүргізу бағдарламаларын әзірлеу;
• орта және орта кәсіптік мектептерде информатика мен бағдарламалауды оқыту;
• ғылыми-экономикалық мәселелерді шешу бағдарламаларын құру;
• ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану және ақпараттық технологияларды пайдаланумен байланысты басқа да әрекеттер.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының түлектері IT мамандары келесі бағыттарда жұмыс істей алады:
• банктерде банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу және қолдау;
• жеке кәсіпорындарда және өндірісті жоспарлау мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құра отырып, тұтас салаларды басқаруда;
• кәсіпорындар мен әр-түрлі мекемелерде бұқаралық қызмет көрсету жүйесі мен ақпараттық-анықтамалық жүйелерді әзірлеу және қолдау;
• оқу орындарында;
• компьютерлер мен оргтехниканы жөндеу және диагностикалау бойынша қызмет көрсету орталықтарында.
Оқу мерзімі:
• жалпы орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай,
• негізгі орта білім негізінде – 3 жыл 10 ай.