Құрметті студенттер мен талапкерлер, Қайнар академиясының колледжі сайтына хош келдіңіздер! Алғашқы жекеменшік ЖОО, Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы ретінде Қайнар академиясы жиырма жылдық ғұмырында өзінің өміршеңдігін дәлелдеді, бүгінде заманауи озық инновациялық даму жолында білім беру саласындағы лидерлердің бірі болып табылады. ҚЫЗМЕТТІҢ МАҚСАТЫ: жоғары рейтингке ие және интеллектуалдық еңбектің халықаралық және республикалық  нарығында бәсекеге қабілетті, экономика, мәдениет, ғылым, білім және Қазақстан Республикасының өзге де қоғамдық салаларына қажетті жоғары білікті мамандар дайындау. Біз бүгінде Сіздерге ұсынамыз:

  • Атақты профессорлық-оқытушылық ұжым;
  • Заманға сай жабдықталған инфрақұрылым;
  • Тиісті салалар бойынша сапалы озық білім.

“Қайнар” академиясы — 1991 жылы Алматы каласында №000001 нөмірлі мемлекеттік лицензияға ие болған, көп салалы жоғары оқу орны. 2015 жылы мемлекеттік аттестациялаудан өтті. Қазіргі уақытта университет күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтықтан оқыту бөлімдері негізінде 4 кафедрада 11 мамандық бойынша жоғары білімді мамандар даярлайды. Академия жанында “Бакалавриат” мектебі, колледж, магистратура, халықаралық магистратура (МВА), докторантура қызмет атқаруда. Қайнар академиясы үздіксіз білім беретін мекеме болып табылады. Колледжді құруға негіз болған алғы шарттар:

  1. Үздіксіз білім беру шартын жүзеге асыру.
  2. Республиканың барлық аймақтарынан келген, оқу қызметіне қатысты өте жоғары сапалы белсенділік танытатын және салалы кәсіби білім алғысы келетін оқушылармен қызмет атқаруға бағыттау.
  3. Білімін жалғастыруға дайындау және оқыту.
  4. Орта буын өкілі ретінде қазіргі заманғы кәсіби мекеме-лерде практикалық қызмет ететiн мамандар дайындау.

Біздің артықшылығымыз:

  • «Қайнар» академиясының колледжі оқытушы ғалымдарының идеялары мен зерттемелері еліміздің дамуына бағытталған көптеген ұлттық бағдарламаларға негіз болып отыр;
  • Колледждің көптеген шетелдік білім беру мекемелерінің толық құқықты серіктесі болып табылады.
  • Колледждің Орталық корпусы Алматының дәл орталығында орналасқан;
  • Алыстан келушілерге жайлы жабдықталған жатақхана беріледі.

     Колледжге түсуге тілек білдірушілер өтініші күндізгі бөлімге 2015 жылғы 20 маусымнан 20 тамызға дейін, ал сырттай оқу бөліміне 2015 жылғы 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін Мна менкенжайымызда қабылданды: Алматы қ., Сәтбаев даңғ., 7а, Сейфуллин к. қиыл. 9:00-дан – 19:00 дейін (дүйсенбі-жұма); 9:00-дан – 15:00 дейін (сенбі, жексенбі) «Қайнар» университеті [AD]