ҚАЙНАР КОЛЛЕДЖІ

мемлекеттік емес техникалық кәсіби білім беру беретін оқу орны болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесін құру үшін (мектеп-колледж-ЖОО) және «Білім беру туралы» республика заңына сәйкес 1999 жылы «Қайнар» университеті жанында колледж құрылды (2015 жылғы мамыр айында лицензия қайта рәсімделді № 92 LAA 00004947 26.05.2015 жылдан Алматы қ.). «Қайнар» академиясының колледжі күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде мамандар даярлайды. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.   Колледж келесі бағыттарда мамандар даярлайды: 0202000- Құқықтану (0201023- Заңгер кеңесшісі); 0518000- Есеп және аудит (салалар бойынша), (0518023- Есепші- ревизоршы «аудитор»); 9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай 11 сынып негізінде – 1 жыл 10 ай   0105000- Бастапқы білім (0105033- Бастауыш сыныптың ағылшын тілі мұғалімі); 1 304000- Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (1304043- Техник бағдарламашы). 9 сынып негізінде – 3  жыл 10 ай 11 сынып негізінде – 2  жыл 10 ай Колледжге түсуге тілек білдірушілер өтініші күндізгі бөлімге 2015 жылғы 20 маусымнан 20 тамызға дейін, ал сырттай оқу бөліміне 2015 жылғы 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін қабылданды. Қажетті құжаттар: директордың атына өтініш; білім туралы құжат (түпнұсқасы); №086/У үлгісіндегі медициналық анықтама; бала денсаулығы паспорты; 3×4өлшемді 6 фотосурет. Талапкер жеке төлқұжатын, паспортын немесе туу туралы куәлігін немесе әскери билетін көрсетеді; сонымен қатар азаматтарды тіркеу кітабы немесе адрес бюросынан анықтама қажет. Колледжді аяқтағаннан кейін техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік улгіде диплом беріледі. Колледж түлектеріне колледжде алған мамандығы бойынша оқуын Қайнар университетінде жалғастыруына ықпал етеді.   Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Сатпаев көшесі 7А (Сейфуллин көшесінің қиылысы) Тел/факс: +7 (7272) 55-83-93; e-mail: college_kainar@mail.ru