Преподавательский составРекторУспешные выпускникиКолледжОбщая информация об университете

Омаров Еренгаип Салипович

 

 

 

 

 

 

 

Ректор университета Кайнар – Еренгаип Салипович Омаров. Родился в Урджарском районе Восточно-Казахстанской области (бывшая Семипалатинская область). После окончания школы № 244 в г. Аягуза учится на физическом факультете КазНУ им. Аль-Фараби по специальности «ядерная физика». По окончании университета с 1972 по 1982 годы работает преподавателем в Павлодарском индустриальном институте. В 1976-1979 гг.  учится в очной аспирантуре на физическом факультете Московского государственного университета им. М.В. Ломоносова.

В1981 г. в МГУ защитил кандидатскую диссертацию на соискание  ученой степени кандидата физико-математических наук по теме: «Рассеяние гамма излучений на ядрах кремния и хрома». В годы учебы в аспирантуре вышли в свет его научные доклады и статьи во многих зарубежных изданиях и сборниках международных конференций.

В1982 г.  работал в КазНУ им. Аль-Фараби , 1983-1993 гг. в Женском педагогическом институте работает в должности доцента, руководит научной лабораторией. Сделал три научных открытия в области физики. С 1991 по 1993 гг совмещал ректорскую и преподавательскую должность, с1993 г. полностью переходит в университет Кайнар ректором. В1996 г. присвоено звание профессора. В 2002-2004 гг учится в магистратуре по специальности «история», имеет степень PhD (Германия).

В1991 г. создает полностью самофинансируемый новый тип высшего учебного заведения – университет Кайнар  и назначается его ректором. Вуз считается самым первым частным университетом республики. В первые годы становления тесно сотрудничал с Московским государственным институтом международных отношений (МГИМО). Первые 44 абитуриента в 1991 году были приняты на учебу по специальностям «музыка», «казахский язык», «дошкольная педагогика и психология». Заслуга университета – в открытии в Казахстане  специальностей «международные отношения,  экономика и право» (1992 г.). Имеет лицензию на образовательную деятельность №1 в Казахстане. Университет Кайнар работает в соответствии с требованиями Министерства образования и науки РК. В соответствии со сроками проходит государственную аттестацию (последняя в2010 г.) и аккредитацию. Университет является членом 12 Ассоциаций.

В1994 г. ректор Е.С. Омаров на приеме в резиденции Президента РК лично знакомил Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева со стратегией развития университета и получил его одобрение. В2002 г. награжден золотой медалью SPI Ассоциации содействия промышленности Франции за создание университета нового типа. В университете с1997 г. выходит научный журнал «Вестник университета Кайнар». В 2000-2003 гг. в университете работал диссертационный совет по защите кандидатских диссертаций в области исторических наук, а в последние годы – объединенный совет с КарГУ им. Е. Букетова по защите докторских диссертаций.

В настоящее время на четырех факультетах по 19 специальностям обучаются более четырех тысяч бакалавров, более 200 магистрантов. В русле современных требований вводится система двойного диплома – зарубежного вуза и  университета Кайнар.

Сегодня в университете работают четыре факультета: педагогики и психологии, права и международных отношений, филологии, бизнеса и информационных систем. Обучение ведется по 19 специальностям и 7 направлениям. Первый выпуск университета состоялся в 1995 году, с тех пор более 22 тысяч выпускников трудятся как в республике, так и в ближнем и дальнем зарубежье в государственных и судебных органах, дипломатических службах, высших учебных заведениях, банках и других коммерческих структурах, есть среди них и министр.

Благодаря организаторским способностям Е.С. Омаров в 1995 году создал Академию естественных наук Республики Казахстан и был выбран ее президентом, на этой должности он проработал 14 лет. Много сил вложил Е.Омаров в то, чтобы Академия в  2008 году получила статус Национальной. С 2009 года является Вице-президентом Казахстанской Национальной академии естественных наук (КазНАЕН). Сегодня президентом КазНАЕН является  известный общественный деятель,  доктор экономических наук, профессор Нуртай Абыкаев. Многие педагоги университета Кайнар являются членами Академии – КазНАЕН.

В последнее время Омаров Е.С. уделяет большое внимание научным исследованиям по древней истории Казахстана. Он основатель нового научного направления – Казахская цивилизация. Для углубления исследований в этой области по его инициативе в Университете Кайнар был создан Институт Казахской истории и цивилизации, а также издается журнал «Казахская цивилизация», главным редактором которого он является. Им разработан  курс лекций по Казахской цивилизации.

Омаров Е.С. – исследователь жизни и деятельности всемирно известного полководца, предка казахов Аттилы, нашел его портрет, написал две книги о нем, одна из которых была представлена на всемирной выставке книг в г. Франкфурт-на-Майне. Установил связь с музеем легендарного Аттилы в г. Ла-Чеппе (Франция) и помог в сборе экспонатов для него. Член международной ассоциации имени Аттилы.

В результате постоянных научных  исследований установил, что протоказахи имели не только письменность, но также производили бумагу и выпускали книги. Отрарская библиотека в свою эпоху была самой крупной в мире и она была не единственной на територии Казахстана. Это открытие – одно из достижений современной исторической науки Казахстана, сейчас академик Омаров Е.С. ведет разъяснительные работы по поиску и нахождению этой библиотеки. Он также доказал, что издание книг и наличие библиотек является основным критерием цивилизованности нации.

На международной конференции в2004 гв Александрии (Египет) в своем выступлении на основе физической теории синергетики на 3 года вперед предсказал предстоящий мировой экономический кризис и указал, что это случится в США в 2007 году.

Как исследователь казахской цивилизации прошел по дорогам Шелкового Пути – от Пекина до Стамбула, включая Кашкарию. За что был удостоен членства в Георафическом обществе Лиссабона.

Награжден Благодарственными письмами  Президента РК (2001, 2005 гг.); юбилейной медалью «10 лет Конституции Республики Казахстан» (2005 г.); знаком «За заслуги в развитии науки РК», медалью имени Ы. Алтынсарина; медалью имени П.Л. Капицы Российской Академии естественных наук (2000 г.), золотой медалью Ассоциации содействия промышленности Франции (2002 г.), медалью Европейской Академии естественных наук (2005 г.), Благодарностью от международного фонда «Бобек» (1994 г.).

Е.С. Омаров – академик Российской Академии естественных наук и Европейской Академии естественных наук, член Международного географического общества Лиссабона и Нью-Йоркской Академии наук.

С результатами своих исследований Омаров Е.С. часто выступает перед научной общественностью, в частности, он читал лекции в университетах Сорбонна (Париж II), ФАКО (Париж), выступал с докладами на международных конференциях, в том числе на Первом Международном Конгрессе о глобальной цивилизации в Австралии. Об идее казахской цивилизации академик Омаров Е.С. докладывает на международных конференциях в Англии, Китае, Германии, Португалии, США, Турции, России, Египте и др. странах.

17 сентября 2010 года в итальянском городе Болонья в ряду ректоров 22 вузов нашей страны и 19 зарубежных вузов подписывает Великую Хартию университетов.

Основные труды:

1. Краткая история казахской цивилизации. – А., 2005;

2. Қазақ өркениеті. – Пекин, Ұлттар баспасы. 2008 ж.;

3. Аттила. Цивилизаторская роль. – А., 2006.;

4. Аттила. Жизненный путь. – А., 2006.;

5. Портреты: Степь глазами извне от Геродота до Гумбольдта (авторский коллектив) – Алматы, 2000;

6. Иллюстрированная история Казахстана. – Алматы, 2001

7. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік (бірлескен автор). – Алматы: «Ғылым» баспасы, 1992 жыл.

8. Қазақша – қытайша сөздік. 70000 астам сөз. / Жауапты редакторы. – Үрімші, 2010 ж. – 1449 бет.

9. Атомдық және молекулярлық физика. – А. 2007. -128 б.

10. Brief History of the Kazakh Civilization. – Алматы. 2000.

Готовятся к изданию монографии «Основы казахской цивилизации» и «Аттила и цивилизация». E.С.Омаров  – автор более  110 научных статей в республиканских и зарубежных изданиях.

Преподавательский состав • Ректор • Успешные выпускники • Колледж • Общая информация об университете

Омаров Еренғайып Сәліпұлы

 

 

 

 

 

 

 

Қайнар университетінің ректоры Еренғайып Сәліпұлы Омаров. Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы), Үржар ауданында туған. Аякөз қаласындағы сол кездегі №244 орта мектепті тамамдап, 1972 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін, ядролық физика мамандығы бойынша бітірген. 1972-82 жж. Павлодар индустриалды институтында оқытушы болып қызмет атқарған. 1976-79 жж. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін бітірген. 1981 ж. сол университетте физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Гамма сәулесінің кремний және хром ядросынан шағылуы» деген тақырыпта диссертация қорғаған. Аспирантурада оқып журген кезінде қажырлы еңбегінің нәтижесінде көптеген шетелдік басылымдарда және Халықаралық конференциялар мен симпозиумдар жинақтарында мақалалары мен баяндамалары жарияланған. 1982 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, 1983-93 жж. Қыздар Мемлекеттік педагогикалық институтында доцент болып қызмет істеген, ғылыми лабораторияға жетекшілік еткен. Физика ғылымы саласында ашқан 3 ғылыми жаңалығы бар. 1991-93 жылдар аралығында Қайнар университетінде ректорлықты қоса атқарып, 1993 жылы Қайнарға толық ауысқан. 1996 ж. профессор ғылыми атағын алған. Тарих саласындағы ғылыми зерттеулері мен ізденістерінің нәтижесінде 2002-04 жж. тарих мамандығы бойынша магистратураны тамамдаған. PhD атағын (Германия).

1991 жылы жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында өзін-өзі қаржыландыратын жаңа типті жоғары оқу орны – ҚАЙНАР университетін құрды және Ректоры болып тағайындалды. ҚАЙНАР республикадағы жеке меншікті оқу жүйесінің негізін қалаған бірден-бір университет болып табылады. Тұңғыш 44 талапкерлер 1991 жылы музыка, қазақ тілі және мектепке дейінгі педагогика және психология мамандықтары бойынша қабылданған. Алғашқы жылдары Мәскеу халықаралық қатынастар университетімен (МГИМО) бірлесе жұмыс жасады. Қазақстанда алғаш рет халықаралық қатынас, экономика және құқық мамандықтарын ашуға атсалысты (1992 ж.). Лицензия ұғымы енгізілген кезде алғашқы жоғары оқу орны ретінде мемлекеттік сынақтан өтіп №1 лицензияға ие болды. ҚАЙНАР университеті ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қойылатын талаптарға сай жұмыс жасап келеді. Алғашқы жаңа типті университет болғандықтан көптеген басқа университеттердің құрылуына себебші де, үлгі де бола білді. Тиісті мерзімдерде акредетациядан және бірнеше дүркін аттестациядан өткен (соңғы рет 2010 ж.). 1994 ж. ректор Е.С.Омаров Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алматыдағы резиденциясында қабылдауында болып, университеттің хал-жағдайымен таныстырды, әрі батасын алды. 2002 ж. Е.С.Омаровтың ҚАЙНАР университетін құруда атқарған еңбегі жоғары бағаланып, Францияның өнеркәсіп кәсіпорындар қолдау ассоцациясының алтын медалімен марапатталды. Университет жанынан «ҚАЙНАР университетінің Хабаршысы» журналы тұрақты түрде шығып тұрады. 2000-2003 жж. университет жанында тарих ғылымдары саласында кандидаттық диссертациялар қорғау кеңесі, Қарағанды университетімен Біріккен докторлық диссертациялық Кеңесі жұмыс жасады. Университет ашылған кезден бастап аспирантура оқу бөлімі жұмыс атқарды. Университет көптеген шетелдік университеттермен әріптестік қарым-қатынас орнықтырған. Соның нәтижесінде ҚАЙНАР университетінің студенттері мен түлектеріне шетелдерде магистратура және докторантура оқу бөлімдерінде білімдерін жетілдіруге толық мүмкіндіктер жасалған.

Қазіргі кезеңде университеттің төрт факультетінде 19   мамандық   бойынша   төрт   мыңнан   астам   білімгер   бакалавр   және   магистр академиялық дәрежесі бойынша білім алуда. Университетте оқитын магистранттар саны 200-ден асты, оқыту дәрежесі жоғары деңгейде қойылған. Заманауи талаптарға сай екі диплом алу жүйесіде енгізілген, оның біреуі міндетті түрде шетелдік университеттің, ал екіншісі Қайнар университетінің дипломы.

Университетте 4 факультет жұмыс жасайды: педагогика және психология, заң және халықаралық қатынастар, филология, экономика және ақпараттық жүйелер факультеттері. Бұл факультеттерде 19 мамандық және 7 бағыт бойынша білім беріледі. Алғашқы түлектер университет қабырғасын 1995 жылы бітірген. Іргесі қаланғаннан бері университет қабырғасынан Қазақстан мен алыс-жақын шетелдерде қызмет етіп жатқан 22 мың шамасында түлек түлеп ұшқан. Олардың бәрі де әртүрлі мемлекеттік мекемелерде және құқық қорғау органдарында, дипломатиялық қызметтерде, оқу орындарында ұстаздық етуде, отандық және шетелдік банктерде коммерциялық қызметтерде, фирмалар мен компанияларда қызметтер атқарып келеді. Араларында министр дәрежесіне көтерілгендерде бар.

 

Жетік ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1995 жылы Е.С.Омаров Қазақстан Респуликасының Жаратылыстану Ғылымдары академиясының құрылуына белсенді түрде ат салысты, Президенті болып сайланды. Академияны 14 жыл басқарды. Академия осы уақыт ішінде дүниежүзі ғалымдары мойындайтын дәрежеге жетті. Академия мен оның мүшелері халықаралық деңгейдегі сыйлықтармен марапатталды. Е.Омаров 2008 жылы Академияның ұлттық деңгейдегі академияға айналуына зор еңбек сіңірді. 2009 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Вице-президенті қызметін атқарып келеді. Академияның президенті – көрнекті ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Нұртай Әбіқаев. ҚАЙНАР университетінің ұстаздарының көпшілігі осы академияның мүшесі болып табылады.

Е. Омаров «Қазақ өркениеті» идеясының авторы және оның теориясы мен тарихын зерттеуші. Аттиланың – Еділ патшаның портретін тауып, оның өмірбаянын кешенді түрде зерттеді. Франция жерінде Ла-Чеппе қаласында салынған Аттила музейіне экспонаттар жинауға, оның іске қосылуына үлес қосты. Аттила атындағы халықаралық ассоцияцианың мүшесі. «Қазақ өркениеті» атты жаңа ғылыми бағытты қалыптастырып, «Қазақ өркениеті» концепциясының авторы атанды. Қазақтарда көшпенділікпен қатар өзендік өркениет болғандығын, ертедегі қазақтардың кеме жасағандығын ғылыми тұрғыдан тұңғыш рет дәлелдеді. Қазақ өркениетінің – көшпенділік, қалалық, өзендік, әскери, егіншілік, дала өркениеттері болып бөлінетіндігін айқындады. «Қазақ өркениеті» концепциясы жаңа ғылыми бағыт ретінде республикада және шет елдерде қолдау тапты. ҚАЙНАР университеті жанындағы Қазақ өркениеті және тарихы ғылыми институтын ашуға ұйытқы болды. «Қазақ өркениеті» журналының Бас редакторы. Үздіксіз зерттеулердің нәтижесінде Отырар кітапханасы өз заманында әлемдегі ең үлкен кітапхана болғанын дәлелдеді. Бұл әлемдік деңгейдегі үлкен тарихи жаңалық, енді сол кітапхананы іздестіру мәселесін алға тартып отыр.

2004 жылы наурыз айында Александрия қаласында өткен халықаралық конференцияда 2007 жылы болатын экономикалық дағдарысты үш жыл бұрын болжаған.

ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001, 2005 жж.); «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен (2005 ж.); ҚР-ның жоғары білім үздігі, ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін белгілермен, Ы. Алтысарин атындағы медальмен; Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының (РЖҒА) П.Л.Капица медалімен (2000 ж.), Францияның өнеркәсіп және кәсіпорындарды қолдау ассоциациясының алтын медалімен (2002 ж.), Еуропа жаратылыстану Ғылымдары Академиясының медалімен (2005 ж.), Халықаралық «Бөбек» қорының Алғысымен (1994 ж.) марапатталған.

Е.С.Омаров – Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; Нью-Йорк ғылым академиясының толық мүшесі. Ғалым ретінде Ұлы Жібек жолын басынан аяғына дейін, яғни Пекин мен Ыстамбул аралығын жүріп өткені үшін Халықаралық география қоғамының (Португалия) толық мүшесі болып сайланды.

Сорбон (Париж II) және ФАКО (Париж) унверситеттерінде (2001 ж.) Қазақ өркениеті жайында лекция оқыған. Англия, Қытай, Франция, Австралия, Германия, Португалия, АҚШ, Түркия, Ресей, Египет т. б. мемлекеттерде Халықаралық конгресстер мен конференцияларда қазақ өркениеті, тарихы, білім мен ғылым салаларының өзекті мәселелері жайында баяндамалар жасады. Италияның Болонья қаласында Қазақстан Республикасының жиырма екі және алыс шетелдік он тоғыз жоғары оқу орындарының ректорлары қатарында 2010 жылдың 17 қыркүйегінде университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.

Еңбектері: 1. Краткая история казахской цивилизации. А., 2005; 2. Қазақ өркениеті. Пекин, Ұлттар баспасы. 2008 ж.; 3. Аттила. Цивилизаторская роль. А., 2006.; 4. Аттила. Жизненный путь. А., 2006.; 5. Портреты: Степь глазами извне от Геродота до Гумбольдта. (бірлескен автор). Алматы, 2000; 6. Иллюстрированная история Казахстана. Т.Г, Алматы, 2001. кітабында материалдары жарық көрді. 7. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік (бірлескен автор). Алматы: «Ғылым» баспасы, 1992 жыл. 8. Қазақша-қытайша сөздік. 70000 астам сөз. Жауапты редактор. Үрімші, 1449 бет, 2010 ж. 9. Атомдық және молекулалық физика. А. -128 б. 2007. 10. Brief History of the Kazakh Civilization. Алматы. 2000. 11. 2010 жылы жарық көрген, көлемі 1500 бет, 70000 сөзі бар «Қазақша-Қытайша сөздіктің» (авторы Н. Абікенұлы) жауапты редакторы болды.

«Қазақ өркениетінің негізі» және «Аттила және өркениет» атты монографиялық еңбектері жуық арада жарық көрмек. Е.С.Омаров 100-ден астам мақалалардың авторы, оның бір бөлігі шетел басылымдарында жарияланған.